25 Тамыз 2026, 21:03
Фото: Ақорда
Құрылтай сайлауы және стратегиялық серіктестік: Тоқаев Бердімұхамедовпен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президентін алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, оның ел үшін тарихи маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық және стратегиялық серіктестік қатынастардың даму қарқынын оң бағалады.
Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.