16 Қазан 2026, 11:48
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев, Пашинян және Гутерриш: Ереванда маңызды кездесу өтті
Қазақстан Президенті Еревандағы биоалуантүрлілік саммитіне қатысты. Халықаралық жиынға келген көшбасшылар бірге суретке түсті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді.
Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.
COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.