6 Ақпан 2024 2024, 10:00 Фото: - архив

Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқарып жатыр.