Тоқаев Өзбекстанға барады

Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады.

Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы