Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы