Тоқаев Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы