Тоқаев Өзбекстан басшысын "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті достар! Осы сапардың нәтижесінде қазақ-өзбек ынтымақтастығы бұрынғыдан да нығая түсетіні анық. Бүгінгі келісімдер соның айқын дәлелі. Елдеріміздің арасындағы тату көршілік пен одақтастықты нығайтуға құрметті Шавкат Миромонұлы Мирзиёевтің айрықша үлес қосып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Өзбекстан басшысының бұл қажырлы еңбегін Қазақстан халқы аса жоғары бағалайды. Мен осыны ескере отырып, құрметті Шавкат Миромонұлын мемлекетіміздің ең жоғары наградасы "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, - деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек саудасын қысқа уақыт ішінде 5 миллиард долларға жеткізуге болатынын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы