Тоқаев отандық өндірушілерді қолдау мақсатында аяқ киім сатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірушілерді қолдау мақсатында аяқ киім сатып алған. Ол бұл туралы Тwitter-дегі парақшасына жазды. 

«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс», - деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы