Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне алты елдің президенті қатысады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапармен барды.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан басшылары сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік, энергетика және су-энергетика салаларындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылаған болатын. Жоғары Мемлекетаралық кеңес аясында бірқатар шешімдер қабылданды. Соның ішінде Өңірлер басшылары кеңесін құру, сирек және сирек кездесетін жер металдары бойынша жұмыс тобын қалыптастыру, трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау жөніндегі бірлескен тетікті іске қосу бар.
Ташкентке бес ел көшбасшыларының келуі аймақ үшін диалог пен ынтымақтастықтың маңызын тағы бір дәлелдейді. Ислам өркениеті орталығында өңірлік қауіпсіздік, экономикалық әріптестік және мәдени байланыстардың өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде.