Тоқаев: Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының сөзінше, бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Президент негізгі мақсатымыз - қуатты мемлекет болу екенін айтты.
Біз жан-жақты дамыған қуатты мемлекет боламыз! Бұл – негізгі мақсатымыз. Мен жасампаз халқымыздың келешегі жарқын болады деп сенемін. Мемлекеттің мүддесі – бәрінен биік, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келгенін айтып өтті.
Биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келді. Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын!, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сынаптан қорғау нысанының құрылысы қараша айында аяқталады
Келесі жаңалық
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы