Тоқаев оқушылар мен мұғалімдерге қатысты жаңалық айтты
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын қалыптастыру керек болады. Қашықтан оқыту тәсілі және ЖИ технологиясы негізінде Қазақ digital мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет, - деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев екі АЭС-тің құрылысын қазірден жоспарлау керегін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев екі АЭС-тің құрылысын қазірден жоспарлау керегін айтты
Өзгелердің жаңалығы