Тоқаев наурызда қандай өзгерістер болатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев күзде саяси реформалар ұсынатынын айтқан болатын. 

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында президент осы реформаларға қатысты тоқталды.

Қандай түбегейлі өзгерістер болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ біраз өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжілісте сөйлеген сөзімде айттым. Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр,-деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұратыны айтты.

Қытай тіліндегі «дағдарыс» деген сөздің «жаңа мүмкіндіктер» деген мағынасы бар. Осы ретте біз де күш-қуатымызды Отанымызды өркендетуге жұмсайық. Әрине, азаматтық қоғаммен, дербес сарапшылармен ауқымды диалог жүргізу керек. Өйткені, халықтың пікірі өте маңызды. Мен «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымды жарияладым. Осыған байланысты Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындауды тапсырдым,-деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы