30 Қыркүйек 2026, 14:45
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Мюнхенге барды: Бавариямен қандай келіссөздер өтеді?
Президенттің Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады. Бүгін Мемлекет басшысының күн тәртібінде бірнеше маңызды кездесу бар.
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.