23 Шілде 2025 2025, 09:38
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Мысыр президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, - делінген Ақорда хабарламасында.
Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.