Тоқаев: «Мұғалім жетпейді деп» мектепке кез келген адамды ала бермеу керек

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «мұғалім жетпейді деп» мектепке кез келген адамды ала бермеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет, - деді Тоқаев.

Сөзінше, бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет. 

Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін мың маман арнайы дайындықтан өтеді, - деді ол.

Тоқаев осы мәселені шешу үшін тиісті бағдарлама қабылданатынын жеткізді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы