Тоқаев: Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектеспін

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы