Тоқаев: Менің міндетім - ұрпағымыз елінің болашағына сенетін саяси атмосфера қалыптастыру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Қазақстан экономикада болсын, саясатта болсын толықтай «олигополия», олигархиялық жүйемен қош айтысуы керек. Экономикада «жіліктің майлы басы» деп аталатын бөлу кезінде фаворитизмнен алшақтауымыз қажет. Мұның барлығы болды, біз ол туралы ашық айтамыз. Елімізде әлеуметтік әділдік орнауы тиіс. Әрине, мен қиялшыл емеспін, бұл бір күннің, тіпті бір айдың немесе бір жылдың жұмысы еместігін түсінемін. Бірақ соған тырысуымыз керек, себебі адамдар барлық жерде әділеттіліктің орнағанын қалайды, - деп атап өтті Президент. 

Мемлекет басшысы ретінде ел азаматтарына осы әділеттілікті қамтамасыз ету – менің міндетім деп отыр. 

Ешкім әлеуметтік иерархияда ең төмен орын алатын тағдырмен туған жоқ. Бәрі тең болуы тиіс. «Әлеуметтік лифт» жұмыс істеуі қажет. Мемлекеттік лауазымға болсын, ұлттық, мемлекеттік компаниялардағы орындарға болсын өте қабілетті, патриоттық сезімі зор адамдарды таңдауымыз керек. Мұның депутаттарды сайлауға да қатысы бар. Мемлекет басшысы ретінде парламент сайлауының қорытындысына тікелей ықпал ете алмаймын. Бірақ менің міндетім лайықты, қабілетті адамдар қоғамнан өз орнын тауып, болашаққа үлкен сеніммен қарайтындай, ал дүние есігін енді ашқан, өсіп келе жатқан жас ұрпақ елінің болашағы зор деп ойлайтындай саяси атмосфера қалыптастырудан тұрады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы