11 Маусым 2023 2023, 16:02
Фото: Ақорда
Тоқаев: Мен келеді деп жолды жөндеу - масқара жағдай
Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады, - деді президент.
Ол бұған дейін облыстағы өртке салғырт қараған адамдардың барлығы жазаланатынын айтқан еді.