4 Қыркүйек 2026, 23:26 Фото: Ақорда

Тоқаев Мелониді Италия үкіметінің рекордтық мерзімімен құттықтады

Мемлекет басшысы Джорджа Мелониге алдағы қызметіне табыс, ал Италия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониді өзі басқаратын үкіметтің ел тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен үкімет атануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі жазбасында Мелонидің көшбасшылығын және Италияның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, Джорджа Мелонидің басшылығымен Италия экономикасы өсіп, елдің халықаралық аренадағы беделі нығая түсті.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Италия Премьер-министрінің Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы Джорджа Мелониге алдағы қызметіне табыс, ал Италия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.