Тоқаев Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді
Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды.
Ерлан Қошановтың сөзінше, сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданған.
- «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар қабылданғанын айтты;
- Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатқанын және оның үштен бір бөлігіне Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болғанын атап өтті;
- Бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жылу энергетикасы, масс-медиа, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді;
- Мәжіліс депутаттары халықтың қаржылық сауатын арттыру үшін парламенттік тыңдау, медициналық сақтандыру жүйесін дамыту, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және сауда саясатын жетілдіру мақсатында үкімет сағаттарын өткізгені жөнінде мәлімет берді;
- Депутаттар жылдың алғашқы күнінен бастап сайлаушылармен кездесу және халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу үшін өңірлерге аттанғанын айтты.
Мемлекет басшысы Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екеніне назар аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы