20 Қараша 2024 2024, 18:02 Фото: Ақорда

Тоқаев Мажарстан президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қарсы алды. Бірге суретке түсу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті.