18 Қараша 2026, 16:04
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Майамиге сапармен барады: АҚШ-пен қандай мәселелер талқыланады?
Қазақстан Президентінің Майамиге сапары қарсаңында АҚШ-пен келіссөздерге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Алдағы G20 саммитінде қандай мақсат көзделіп отыр?
Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.