Бүгiн 2026, 14:41 Фото: Ақорда

Тоқаев Мәскеуде Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.