31 Қазан 2026, 11:46
Фото: Ақорда
Тоқаев Марокко мен Кубаға Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко мен Кубаға Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.