30 Шілде 2025 2025, 14:32 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Марокко Королін ұлттық мейраммен құттықтады

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады, - делінген хабарламада.

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.