Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.
Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы