31 Тамыз 2026, 18:57 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Ануар Ибрагим мен Малайзия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты маңызды ой айтты.

Президент Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.