Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Люксембургпен арадағы достыққа, өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ықпалдастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашатынымызға сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарған жауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан ЮНЕСКО-ның ЖИ бойынша үздік тәжірибелерін енгізуде
Өзгелердің жаңалығы