23 Маусым 2025 2025, 12:37 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Люксембургтің Ұлы герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы герцогін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы герцогін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президенті Ұлы герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.