Бүгiн 2026, 14:40
Фото: Ақорда
Тоқаев LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы атанды
Президентке арнайы карта берілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елордада іске қосылған LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы атанды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялы карта берілді.
Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жүрді.
Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады.
Атап айтқанда, «Астана-1» вокзалы, «Жағалау» шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.