Тоқаев Лаос президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде ғылыми қызметкерлердің жалақысы да өседі
Келесі жаңалық
Өскеменде терезеден секірмек болған әйел құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы