19 Қыркүйек 2024 2024, 17:31
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев күштік құрылым басшыларының жаңа орынбасарларын қабылдады
Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді, - делінген хабарламада.