Тоқаев Костенко атындағы шахтаның қызметкерін орденмен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» АҚ Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2 мамырда Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада түтін шықты. Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді сөндірген. 187 кенші шұғыл эвакуацияланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы