15 Тамыз 2026, 10:31
Фото: Ақорда
Тоқаев Конго президентін құттықтады
Президент Қазақстан Конго Республикасын Африкадағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Конго президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.