Тоқаев Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстармен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысына Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жақында ЮНЕСКО аясында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Ұлы дала өркениетіне қатысты халықаралық форумға дайындық барысы мәлімделді. Сонымен қатар, биыл жарық көргеніне 100 жыл толатын «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ғасырлық мерейтойына қатысты шығарылған кітаптар таныстырылды», - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында атқарылып жатқан істерге жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент сайлауы – 2019. Атырауда арнайы қоғамдық штаб құрылды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы