Тоқаев: Өкінішке қарай, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде бірнеше есе көбейіп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев КВИ індетінің ІІ толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізу барысында ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесін көтерді.
Президенттің айтуынша, ана мен бала денсаулығын қорғау – негізгі басымдықтың бірі.Үкімет медициналық көмектің өзге түрлерін де көрсетуді ұмытпауға тиіс. Ана мен бала денсаулығын қорғау – негізгі басымдықтың бірі. Өкінішке қарай, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде бірнеше есе көбейіп кетті. Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл - өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек, - деді ол.
Тоқаев Үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырды.
Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету – ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ. Президент Әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы демалыс күндері елордада соңғы аймақтық жәрмеңке өтеді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы