Бүгiн 2026, 19:01 Фото: Ақорда

Тоқаев Канада Генерал-губернаторын құттықтады

Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір.