2 Маусым 2026, 20:22
Фото: Ақорда
Тоқаев Италия Президентін Республика күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен оның отандастарын ұлттық мереке – Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады.
Президент Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің ерекше маңызын атап өтіп, екі елдің сан қырлы ықпалдастығы алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Италия халқына құт-береке тіледі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы елдің ұлттық мерекесіне орай Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге де құттықтау жеделхатын жолдады.
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11
- Вэнс Иранға қарсы АҚШ-қа көмектесіп жатқан елдерді атап, күтпеген мәлімдеме жасады: Тізімде кімдер бар? 19:57
- Қазақстанда цифрлық активтерге қатысты жаңа жоспар пайда болды 19:32