Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.
Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, - деп жазылған жеделхатта.
Бұған дейін аталған табиғи апат салдарынан Испанияда үш күндік аза тұту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екені белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы