Бүгiн 2026, 14:50
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тарту шешімін құптайды
Мемлекет басшысы Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімді құптайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Иран көрші елдерге соққы жасамау туралы шешім қабылдағаны туралы жаздық.