11 Ақпан 2026, 10:41 Фото: Ақорда

Тоқаев Иран Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.