Бүгiн 2026, 11:04
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Ирак президентін құттықтады: Екі ел байланысы нығая түспек
Мемлекет басшысы Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.