Тоқаев Индонезия мен Таиландтың премьер-министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған елдердің аумағында болған су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Индонезия Президенті Прабово Субиантоға және Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулға көңіл айтты.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік-Шығыс Азияда нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 320-дан асқаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы