Тоқаев инаугурацияның қашан өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Президент инаугурациясы 12 маусымда өтеді. Егер осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін нақтылап және ресми түрде жариялау тапсырмасын орындап үлгерсе сол күні өтеді. Себебі мен 14 маусымда Бішкекке ұшуым керек. Одан әрі Душанбеге баруым керек. Бұл – халықаралық ірі шаралар. Сол шараларда Қазақстан президенті толық өз өкілеттігімен мемлекет басшысы ретінде қатысқаны абзал», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған жиын барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы барысында өзіне дауыс берген қазақстандықтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол сайлауда кандидаттарға анық мүмкіндіктер жасалғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы