31 Қазан 2026, 10:43 Фото: Ақорда

Тоқаев «Халықтық құрылыс» шығындарын бақылау жөніндегі комиссия құруды ұсынды

Оның құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, волонтерлер мен журналистерді қосу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты.

Президенттің айтуынша, комиссия құрамына бірқатар бейінді ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіреді.

28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын 28 қазандағы жыл сайынғы Жолдауында жариялады.