Тоқаев халықтан жиі түсетін шағым туралы айтты

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан жиі түсетін шағым туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маған барлық облыстан қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар жиі келіп түседі. Олармен тиісті заңға сүйеніп, құзырлы органдардың ешқайсысы айналыспайды. Бірақ бұл бағытты ұстанатын болсақ, біз жағдайды бақылаудан қалт жіберіп алуымыз мүмкін, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жануарларға қамқорлық танытуды да есте ұстау керегін айтты.

Иә, біз жануарларға қамқорлық жасауымыз керек, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға шабуылдауына жол бермеу керек. Ал қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны артып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Шара қабылдауғыздар, - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесте жиналған әріптестеріне.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы