Бүгiн 2026, 13:56
Фото: Ақорда
Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының басшыларын «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының басшыларын марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі «Достық» орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.