Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркиядағы ереуіл: Мыңнан аса адам қамалды
Өзгелердің жаңалығы