Тоқаев Головкинге телефон шалып, қолдау көрсетті
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкин Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.
Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!, - деді Президент.
Еске сала кетсек, мексикалық Сауль "Канело" Альварес төрешілер шешімімен Генадий Головкинді жеңді. Осылайша «Канело» екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулерін, абсолют чемпион атағын қорғап қалды. Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBO, IBA және WBA белбеулері сарапқа салынбаған, сондықтан бұл титулдар GGG еншісінде қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Канелло айқастан кейін не айтты?
Өзгелердің жаңалығы