23 Қараша 2025 2025, 17:45 Фото: Ақорда

Тоқаев Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.

Еске салайық, бұған дейін World Boxing халықаралық ұйымы аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұйымның жаңа президенті болатынын ресми түрде жариялағанын жазған болатынбыз.